Астанада қаза тапқан сарбаздардың аналары митингіне шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Сарбаздардың аналары реформа жасауды талап етті.

Фото: Ұлысмедиа
СТАТИСТИКА
Айта кетейік, әскери прокуратураның дерегінше, 2020 жылдан 2023 жылдың сәуіріне дейін елдің Қарулы күштерінде 270 адам қаза тапқан. Олардың ішінде 86 әскери қызметкер өз-өзіне қол жұмсаған. Сондай-ақ 20 суицид жасау әрекеті тіркелген. Ал «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабымен бар-жоғы бір ғана адам сотталған.
САРБАЗДАР ӨЛІМІ
Еске салайық, екі жыл бұрын әскерде жүріп жұмбақ жағдайда қаза болған Қайсар Сұлтановтың анасы мен заңды өкілдері әлі күнге дейін әділдік іздеп жүр. Олар марқұмның өз-өзіне қол салғанына сенбейді.
Биылдың өзінде әскерде бірнеше трагедия болды. 18 қыркүйекте Мәтібұлақ ауылында орналасқан №01098 әскери бөлімінде 19 жастағы мерзімді қызметтегі сарбаз Дінмұхаммед Шынарбек өлі табылды.
Сонымен қатар, Жетісу облысында тағы бір сарбаз қаза тапты. Ал Алматыда мерзімді әскери қызметтегі сарбаз көпқабатты үйден секіріп кетті. Ол ауруханада ем қабылдап жатыр.
Алматы қаласында жас сарбаз Нұрасыл 2025 жылдың күзінде әскерге шақырылып, бар болғаны бір апта өткен соң қаза тапты.