×
526.02
607.55
6.5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
526.02
607.55
6.5

Астанада митингіге шыққан аналар қандай талап қойды?

Бүгін, 11:30
Астанада митингіге шыққан аналар қандай талап қойды?
Фото: Ulysmedia.kz

Астанада әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналары митингіге шықты. Олар қандай талап қойып отырғанынайтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Марқұм сарбаздардың аналары қазарма, асхана, дәліз, оқу залы сияқты барлық аумақтар бейнебақылауда болуын талап етті. 

 – Жазбаларға ата-аналар мен қоғамдық бақылау өкілдері қол жетізе алсын. Бейнежазбаны жасыру немесе жою – қылмыстық жауапкершілікке әкелсін, – дейді митингіге шыққан аналар.

Сонымен қатар, олар әскерге шақыру жасы қайта қаралуын талап етті. 

- 18 жастан шақыру тоқтатылсын. Қызметке тек 25 жастан жоғары, өз еркімен келісімшарт негізінде келетін азаматтар қабылдансын, – дейді аналар. 

Сондай-ақ олар әскери техника мен құрал-жабдық жаңартылуын сұрады. 

- Барлық әскери бөлімдер заманауи техникамен және оқу-жаттығу құралдарымен толық қамтамасыз етілсін. Ескі немесе жарамсыз құралдар уақытылы ауыстырылып, қауіпсіздік пен тиімділігі қамтамасыз етсін, – дейді талап қойған аналар. 

Қаза тапқан немесе мүгедек болған сарбаздарға өтемақы

Аналар ҚР Конституциясының 1-бабы: «Адам өмірі – ең жоғары құндылық» және 12-бабы: «Әр адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғауға хақылы» қағидаларына сүйене отырып:

  • Әскери қызмет кезінде қаза тапқан немесе мүгедек болған сарбаздардың отбасына өтемақы мемлекет тарапынан міндетті түрде төленсін.
  • Өтемақы әділ, тең және әр жағдайда жеке қарастырылып, қоғам өкілдері мен ата-аналардың қатысуымен анықталсын.
  • Мемлекет әр сарбаздың өмірін қорғауға міндетті болып, келісімшартқа арнайы «Өмір мен денсаулықтың кепілді сақтандыру» бабын енгізсін.
  • Бұл өтемақы қоғамдық әділеттілік пен мемлекеттің азамат алдындағы жауапкершілігінің көрінісі ретінде қарастырылсын, деген талап қойды. 

«Әділет Сарбаздары» қоғамдық қорының рұқсаты мен ресурсы

Қор әлі ресми рұқсат алмағанымен, тіркеу процесі ХҚКО арқылы жүргізілуде.

- Біз рұқсатты тездетіп беруді, қорға арнайы кабинет пен жұмыс орны бөлінуді, қызметке қажетті қаражатты қамтамасыз етуді талап етеміз, – дейді аналар. 

Қаза тапқандар

Айта кетейік, әскери прокуратураның дерегінше, 2020 жылдан 2023 жылдың сәуіріне дейін елдің Қарулы күштерінде 270 адам қаза тапқан. Олардың ішінде 86 әскери қызметкер өз-өзіне қол жұмсаған. Сондай-ақ 20 суицид жасау әрекеті тіркелген. Ал «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабымен бар-жоғы бір ғана адам сотталған.

Бұған дейін

Еске салайық, бұған дейін әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналары митингіге шыққанын хабарлаған едік

Серіктес жаңалықтары