×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Мейіржан Төребаев 10 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін

10.02.2022, 10:36
Мейіржан Төребаев 10 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін
Фото: әлеуметтік желіден

Сот танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев, Азизжан Саидбаев және Мейірхан Шерниязовты қамауға алу туралы шешім шығарды. Бұл туралы Михаил Козачков өзінің Telegram-каналында жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

Десе де, үшеуі де көп ұзамай кепілмен босатылған. 

Вайнерлер ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабымен (қаржы пирамидасын құру және оны басқару) күдікті деп танылыпты. Егер оларға тағылған айып дәлелденсе әрқайсысы 5-10 жыл аралығында бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

«Тергеу мәліметі бойынша Төребаев, Саидбаев және Шерниязов mudarabah capital қаржы пирамидасын жарнамалап қана қоймай, ол жерден иелерінің бірі ретінде тұрақты қаржы алып отырған», - деп жазды журналист. 

Айта кетейік, бұдан бұрын аталған компанияның бас директоры Руслан Бурханов қамауға алынған болатын. Сондай-ақ, оның қоластында істеген өзге де азаматтар күдікті ретінде тергеліп жатыр.