×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Зейнетақы жинағындағы ақшаны пайдаланудың тағы бір тәсілі ұсынылды

10.02.2022, 12:40
Зейнетақы жинағындағы ақшаны пайдаланудың тағы бір тәсілі ұсынылды
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда зейнетақы жинақтарының бір бөлігін қазақстандық компаниялардың акцияларын сатып алуға пайдалану ұсынылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz LS-ке сілтеме жасап. 

Мұндай ұсынысты миноритарлық акционерлер қауымдастығы (QAMS) жасады. 

"Қазақстандық компаниялардың акцияларын сатып алу үшін зейнетақы жинақтарын пайдалану бойынша заңнаманы өзгерту мүмкіндігін қарастыру қажет. Ол үшін АҚШ-тағы 401k шотына ұқсас мамандандырылған инвестициялық шотты пайдалануға болады. Бұл шара қазақстандықтарға шешім қабылдау кезінде БЖЗҚ-ға тәуелді болмауға, инвестицияларды өз бетінше жүзеге асыруға, сондай-ақ акционерлер жиналыстарында дауыс беру арқылы компанияны басқаруға қатысуға мүмкіндік береді",  – деп атап өтті QAMS.

Айта кетейік, елімізде зейнетақы жинақтары жеткіліктілік шегінен жоғары болса,  емделу, тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін пайдалануға немесе басқарушы компанияларға беруге болады.

БЖЗҚ дерегіне сүйенсек, 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 13 трлн теңгеден асты. Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының бір бөлігін негізінен тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдаланады – 2,5 трлн теңге. Сондайөақ, емделуге 126,5 млрд теңге бағытталған, ал сенімді басқаруға 7,5 млрд теңге берілген.