×
522.19
606.42
6.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
522.19
606.42
6.47

Астанада лифт құлап, адам қаза тапты: тұрғындар бірнеше талап қойды

Бүгін, 08:15
Астанада лифт құлап, адам қаза тапты: тұрғындар бірнеше талап қойды
Видео кадры

13 қарашада Астанадағы «Арыстан» тұрғын үй кешенінде лифт құлап, тұрғындардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндірген жағдай болды. Оқиға орнында бір адам қаза тауып, тағы екі адам зардап шекті. Тұрғындар осыған байланысты үндеу жасап, бірнеше талап қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Тұрғындардың сөзінше, апаттан бері бірнеше күн өтсе де, оқиға орнына не құрылыс компаниясы, не лифті қызмет көрсететін ұйымның өкілдері келмеген. Бұл компаниялар лифтіні тексеру, апат салдарын жою бойынша қажетті шараларды қабылдамаған. Сондай-ақ тұрғындарға ресми түсініктеме де, нақты ақпарат та берілмеген.

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАЛАБЫ

Осыған байланысты үй тұрғындары төмендегідей талап қойып отыр:

  • Құрылыс компаниясы мен лифтке қызмет көрсететін ұйымның жауапты өкілдері апатты үйге дереу келуі;

  • Лифтке ресми техникалық тексеріс жүргізіліп, жазбаша қорытынды ұсынылуы;

  • Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету: апатты лифтіні толық тоқтатып, пломба басу. Тұрғындар лифтіні толық ауыстыруды талап етеді.

Тұрғындар тиісті органдардан жағдайды бақылауға алып, нақты шаралар қабылдауды сұрап отыр.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, 13 қарашада Астанада лифт құлап, бір адам қаза тауып, екеуі зардап шеккен болатын. Алайда бұл жағдайға экс-депутат тұрғындардың өзін кінәлады. 

Серіктес жаңалықтары