×
513.45
596.99
6.59
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
513.45
596.99
6.59

18 жастағы шымкенттік жігіт велосипедпен Меккеге жетті

Бүгін, 09:32
18 жастағы шымкенттік жігіт велосипедпен Меккеге жетті
Ulysmedia.kz коллажы

18 жастағы шымкенттік жігіт Ролан Анатоли велосипедпен Меккеге жетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ролан Меккеге 49 күн бұрын Шымкенттен велосипедпен шыққан. Сапар соңына қарай қиын сәттер де болған. Ол 8 мың шақырымды артқа тастап, Сауд Арабиясының шекарасына өткен сәтте полиция Роланды кіргізбей қойған. 

- Полиция қызметкерлері тоқтатып, “бұлай жүруге болмайды” деп біраз уақыт ұстап қалмақ болды. Алты сағаттай ұстады. Әлеуметтік желіге салып едім, Умра сапарын ұйымдастыратын компания байланысып, жағдайды түсіндіріп, арабша сөйлесіп, полицейлерге ешқандай кедергі жасамайтынымды айтты, дейді Ролан. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, қазанда сапарға шыққан Роланның оқиғасын жазған болатынбыз. Ол Шымкенттен Меккеге 13 қазанда шыққан. Алғашқы күні ол Шұбарсу арқылы Түркістанға жеткен. Сапарының екінші күні қазақстандықтар Роланға көмектескен. 

Роланның сөзінше, ол түнгі уақытта жанармай бекеттерінің қасына шатыр құрып (палатка) ұйықтап алатын көрінеді. Қиындыққа тап болған кездері де болған.

Серіктес жаңалықтары