×
514.74
599.36
6.71
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
514.74
599.36
6.71

Антарктидада қазақ туы көтерілді

Бүгін, 17:30
Антарктидада қазақ туы көтерілді
threads.com/@ikchtkv

Антарктидада қазақ туы көтерілді. Игорь Кочетов есімді қазақстандық кәсіпкер Антарктидаға парус кемесімен барған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ 

Игорь Кочетков – 45 жаста, Орал қаласының тумасы. Қазақстан атынан жалғыз барған экспедиция қатысушысы.

- Менің Отаным – Қазақстан. Туымызды Антарктидада көтердім, – дейді Игорь. 

Антарктидада 17 күнге жуық уақыт болған Игорь ерекше кадрларды әлеуметтік желідегі парақшасында жүктеген. 

Сонымен қатар, Игорь Дрейк бұғазын өз көзімен көрген. 

- Әлемдегі ең қауіпті су айдынының бірі. Себебі мұнда күшті ағыс, қатты дауылдар және айсбергтер тоғысады. Бұл Жер бетінде ағысқа кедергі болатын құрлық жоқ жалғыз аймақ, сол себепті мұнда биіктігі 15 метрден асатын алып толқындармен аса қатты дауылдар жиі пайда болады, дейді кәсіпкер. 

Серіктес жаңалықтары