×
518.39
603.09
6.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.39
603.09
6.68

"Қара күйе" - алматылық жігіт тұрғындар қандай ауамен дем алып жүргенін көрсетті

Бүгін, 11:24
"Қара күйе" - алматылық жігіт тұрғындар қандай ауамен дем алып жүргенін көрсетті
Фото: threads @sergey__kirin

Алматылық жігіт қала тұрғындары қалай дем алып жүргенін көрсетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Сергей Кирин есімді қазақстандық әлеуметтік желідегі парақшасында алматылықтар қалай дем алып жүргенін көрсеткен. Ол қаланың қақ ортасындағы жағдайды баяндаған. 

- Алматыға көшіп келгісі келетіндердің назарына. Желтоқсан мен Жамбыл көшелерінің қиылысы. Бәрі жақсы. 10 күн қалада болмадық. Терезе ашық қалған. Енді біз немен демалып жүргенімізді қараңыздар, – дейді алматылық жігіт. 

Осылайша ол терезесінің алдында жиналған қап-қара шаңды көрсетеді. 

- Бұл тіпті шаң емес, қара күйе ғой, – дейді Сергей. 

ЕҢ ЛАС ҚАЛА ТІЗІМІ

Еске салайық, Алматы қаласы тағы да ауа сапасы нашар қалалар тізіміне енген болатын. Халықаралық IQAir компаниясы жасаған рейтингке әлемнің 125 ірі қаласы кірген. Energyprom мәліметінше, биылғы мамыр айының екінші жартысында Алматы бұл тізімде 42-орыннан көрінді. Қаладағы ауаның ластану деңгейі – орташа, ал ауа сапасының индексі – 61.

Серіктес жаңалықтары