×
510.95
594.49
6.5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.95
594.49
6.5

Дінтанушы Алматыда крематорийдің ашылуына қарсы шықты

Бүгін, 13:14
Дінтанушы Алматыда крематорийдің ашылуына қарсы шықты
Ulysmedia.kz коллажы

Белгілі дінтанушы Мұхитдин Исаұлы Алматыдағы крематорийдің ашылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Мұхитдин Исаұлы дінде адамды өртеуге тыйым салынғанын атап өтті.

- Себебі өлген адамның сүйегін сындыру тірідей сындырумен бірдей. Қайтыс болған адамды өртейтін кезде дірілдеген екен. Сонда оның денесінің өзі сезіп тұр екен. Адал, ізгі қоғам дейміз. Адалдығымыз қайда? Ертең Алматыда зілзала болса, ол өзімізден болып тұр. Әкімшіліктің теріс пиғылынан келеді. Батырларымыз Алматыны қорғаған жерде адам өртеу жақсы нәрсе емес", - дейді ол. 

Дінтанушының сөзінше, кезінде Дінмұхамед Қонаев Алматыда крематорий салуға қарсы болған. Ол елге зауал осындай әрекеттерден келетінін айтады. 

КРЕМАТОРИЙ

Еске салайық, бұған дейін Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы крематорийдің алдағы күндері жұмысын бастайтынын хабарлаған болатын. 

Сонымен қатар, Мәжіліс депутаты Сергей Пономарёв Алматыда 2021 жылдан бері салынған крематорий әлі күнге дейін іске қосылмағанын айтқан болатын. Депутат мәселенің өзектілігін Алматыдағы зираттардың тапшылығымен байланыстырды. Қаладағы 70 зираттың 61-і жабық, жаңа жерлеу орындары жоқтың қасы.

Серіктес жаңалықтары