×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Алматылықтар тендер арқылы баюды жарнамалаған қаржы пирамидасына 270 млн теңге салған

30.01.2023, 11:22
Алматылықтар тендер арқылы баюды жарнамалаған қаржы пирамидасына 270 млн теңге салған
фото: ашық дереккөзден

Былтыр Алматыда 8 қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Алматы қаласы экономикалық тергеу департаментінің өкілі Жақсылық Мырзахан мәлімдеді.

Оның айтуынша, Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті қала аумағындағы 8 қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты: «Innova Gold», «QOZGAN», «Тhe Finiko», «Grand lux house», «Tender», «Альфа Сейлс Консалтинг», «Forex клуб», «Rich Beach».

ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабымен қаржы пирамидасы бойынша қозғалған 6 қылмыстық іс сотқа жолданды: «Caspian Crocus», «TheFiniko», «World Business Consulting» - 2, «Qozgan Inc», «B2B Jewelry».

Жоғарыда аталған қаржы пирамидаларынан 3500-ден астам азамат зардап шекті.

«Мәселен, «Qozgan Inc» қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқталды. Ұйымдастырушылар азаматтарға өздерінің ақшалай қаражаттарын тендерлік жобаларға салуды ұсынды, бұл 105 күн ішінде салым сомасының 5-30 пайызға дейін еселеп қайтаруға болады деп сендірген. Салымшылардың жалпы саны 50-ден астам адамды құрайды, келтірілген залал сомасы 270 млн теңгеден асты»,- деді Алматы қаласы экономикалық тергеу департаментінің өкілі Жақсылық Мырзахан.

Сондай-ақ, құрамында алтын элементтері бар алтын құймалары мен косметикалық өнімдерді сататын интернет-дүкен ретінде жасырынған «Innova Gold» инвестициялық пирамидасын ұйымдастырушыға қатысты сотқа дейінгі іс тергеліп жатыр.

«Innova Gold» ұйымдастырушылары азаматтардың сеніміне кіріп, жобаға шақырған. Қаражат салғаны үшін бонустар есептеуге, сондай-ақ егер клиент өзімен бірге басқа салымшыларды алып келген болса, жобадағы рөлін ілгерілетуге уәде берген. Азаматтар салған ақшалай қаражаты «Innova Gold» сайтындағы салымшының жеке кабинетінде көрсетілді, алайда сайт пайдаланушылары өз қаражатын іс жүзінде қолма-қол ақшаға айналдыра алмады»,- деді ол.

Экономикалық тергеу қызметі қабылданған шаралардың нәтижесінде қаржы пирамидасын ұйымдастырушылардың банк шотына, жылжымалы және жылжымайтын мүлкіне тыйым салынған.