×
476.71
467.03
8.36
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.71
467.03
8.36

1239 теңге: Абаев спорт төрешілерінің жалақысын көтерілетінін айтты

25.02.2022, 17:03
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда спорт төрешілерінің жалақысы артады. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

«Елімізде 4 276 спорт төрешісі бар. Оның ішінде 413 маман, яғни 10 пайызы халықаралық санатқа ие. Айтар болсақ, Токио-2020 олимпиадасына 12 төреші тартылды. Қауымдастықтың мәліметінше, төрешілерді даярлаудағы басты проблема - еңбекақы», - деді Дәурен Абаев Щучинскіде өтіп жатқан XXIV қысқы олимпиада ойындарының қорытындысына арналған кеңейтілген отырыста.

Министр төрешілердің табысы төмен екенін айтты.

«Спорт жарыстарында бір күндік қызметі үшін төрешілерге 1 239 теңгеден төленеді. Менімше, бұл салық шегерімін есептемегендегі сома. Бұл ретте төрешілер мен оларды даярлауға жоғары талаптар қойылады. Төрешілердің әлеуметтік жағдайы мен жалпы беделін арттыру мақсатындағы шараны қолға аламыз. Қазіргі таңда жалақыны арттыру мәселесі қаралып жатыр», - дейді ол.