Биыл білім беру гранттарын иелену үшін 127 мыңға жуық талапкер бақ сынайды. Бұл былтырғымен салыстырғанда 14 мыңға көп. 2025 жылы грант конкурсына қатысуға 113 мың өтініш қабылданған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҚАНША ГРАНТ БӨЛІНГЕН?
Бакалавриатқа биыл 75 мыңнан астам білім беру гранты бөлінді. Осылайша, орта есеппен алғанда бір грантқа бірнеше талапкерден үміткер болып отыр.
Гранттардың 60 пайызы инженерлік бағыттағы мамандықтарға, 20 пайызы педагогикалық салаларға, тағы 20 пайызы еңбек нарығында сұранысқа ие басқа бағыттарға бөлінген.
ҚАНДАЙ МАМАНДЫҚТАРҒА СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ?
Талапкерлер арасында ең танымал бағыттар қатарында «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары», «Педагогикалық ғылымдар» және «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» бар. Ал ең жоғары бәсеке аударма ісі, дипломатия, құқық, психология және педагогика бағыттарында күтіледі.
Грант иегерлерін Республикалық конкурстық комиссия анықтайды. Оның құрамына мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен қоғам белсенділері кіреді.
Білім грантын жеңіп алған талапкерлердің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады. Ал жоғары оқу орындарына қабылдау 25 тамызда аяқталады.