×
479.42
467.91
8.21
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
479.42
467.91
8.21

Депутат: Алимент төлемейтіндердің ұялы телефонын тәркілеген дұрыс

28.03.2022, 13:13
Фото: ашық дереккөзден

Мәжіліс депутаты Берік Бекжанов Ulysmedia.kz порталының сұрағына осылай жауап берді.

Айта кетсек бүгін мәжілісте алимент төлемейтін борышкерлерге шара қабылдау мәселесі талқыланған болатын. Талқы барысында депутат Мақсат Раманқұлов борышкерлердің кейбірі алимент төлемесе де, «ұялы телефонын пайдаланып, әлеуметтік желіде белсенді болып» жүргенін сынаған. Бұған шара қабылдау керектігі туралы ішкі істер министрлігің өкіліне де сұрақ қойған.

Отырыстан кейін Ulysmedia.kz порталының тілшісі «алимент төлемейтіндердің ұялы телефонын тәркілеген дұрыс па?» деген сұрақты депутат Берік Бекжановқа қойып көрді.

«Меніңше, борышкердің рухани құқығын шектегеннен гөрі егер ол азамат алимент өндіру бойынша міндеті болса, қолдағы сым тетігін тәркілеу мәселесін қарастыру керек. Әлеуметтік желідегі белсенділігін емес. Ұялы телефон да мүлік қой. Сондықтан ол борышкердің мүлкі болған жағдайда оны тәркілеу керек. Мүліктік тұрғыдан. Борышты өндіру – материалдық құндылық», - деді ол.