×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Мектептерге «Қаржылық сауаттылық негіздері» пәнін енгізу ұсынылды

28.09.2021, 17:12
фото: Ашық дереккөзден

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев осы ұсынысты білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке білдірді, деп хабарлайды ulysmedia.kz тілшісі.

«Адам капиталы туралы сөз қозғаған кезде балаларға өмірлік дағдыларды сіңіру тақырыбын айналып өте алмаймыз. Бұл мәселені мектепте Кәсіпкерлік және бизнес негіздері пәні арқылы шешкіміз келеді. Бұл пәнде балалар сыни тұрғыда ойлап, командада жұмыс істеп, көпшілік алдында сөйлеуді үйренеді», - деді Ордабаев «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының VIII съезінде.

Оның айтуынша, 3 жыл ішінде колледждердің 136 мыңнан астам студенті мен мектептегі 127 мың оқушы «Атамекен» әзірлеген бағдарлама бойынша білім алып жатыр. Ол үшін БҒМ тапсырысы бойынша 7 мыңға жуық педагог біліктілігін арттыру курсынан өткен.

«Өкінішке қарай, биыл кәсіпкерлік негіздерін оқуға арналған сағаттар 2 есе қысқарды. Құрметті Асхат Қанатұлы, бұрынғы сағат санын қайтару мүмкіндігін қарастыруды сұраймыз. Сондай-ақ, «Қаржылық сауаттылық негіздері» факультативін 5-ші сыныптан бастап енгізу бастамасын көтергіміз келеді», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары