×
432.69
455.32
6.81
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
432.69
455.32
6.81

Доллар арзандап барады, оны дәл қазір сатып алған дұрыс па – экономистен кеңес

31.03.2022, 12:02
Фото: Ашық дереккөзден

Доллар құнының 465 теңгеге түсуіне не себеп болып отыр? 1 доллар құны тағы 430 теңге шегіне қайта ма? Жалпы қазір доллар сатып алған дұрыс па? Ulysmedia.kz порталының тілшісі осы сұрақтарды белгілі экономист Расул Рысмамбетовке қойып көрді.

САТУ – САТЫП АЛУ

Таңертеңгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 465,49 теңгені көрсеткен. Яғни кешеден бері доллар 6,34 теңгеге қымбаттады. 31 мамырда Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 458,20 теңгемен белгілеген болатын.

Kurs.kz мәліметіне қарасақ, қазіргі уақытта долларды Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде 461,17 теңгеден қабылданып жатыр. Ал сатып алу құны 466,21 теңге. Ал Нұр-Сұлтанда америкалық валютаны 462,97 теңгеден өткізіп, 467,03 теңгеден сатып алуға болады.

Экономистер мен сарапшылар доллар бағасының арзандауына уақытша құбылыс деп баға береді. Валюта нарығына Ресейдің Еуропаға газды рубльмен сатуы және соғысып жатқан Украина мен Ресейдің арасында келіссөздердің басталуы әсер еткенін айтады.

ТЕҢГЕНІ КҮШЕЙТКЕН ҮШ СЕБЕП

Белгілі экономист Расул Рысмамбетов әйтсе де ресейлік газдың Еуропаға рубльмен сатылуы валюталардың құбылуына қатысы жоқтығын айтады.

«Теңгенің рубльге байланғаны да көп айтылады. Шын мәнінде, бізде – салық аптасы болған. Яғни тоқсанның соңында экспортшылар долларды сатып, оған теңге сатып алып, салық төлейді. Сол кезеңде әдетте, доллар кішкене әлсірейді. Өйткені оны биржада өткізетіндер көбейеді. Екіншіден, екінші әрі ең үлкен фактор – санкциялар соғысы басталған кезде адамдар дүрлігіп, долларды жаппай сатып ала бастады. Біз де, ресейлік компаниялар да біздің биржа арқылы доллар сатып алуға кірісті. Осы сәтте долларға сұраныс өсіп шыға келді. 500 теңгеден де асып кеткені сондықтан», - деді Расул Рысмамбетов.

Экономистің айтуынша, қазір «позициялық соғыс» жүріп жатыр. Соғыстың қашан бітетітіні де белгісіз.

«Бәрі де Ресей техникалық дефолт жариялайды деп ойлады. Алайда олар резервтердің бір бөлігімен шығынын жапты. Осы үш себепке байланысты теңге қайта беки түсті», - деді ол.

Расул Рысмамбетов сонымен қатар «1 доллар құны тағы 430 теңге шегіне қайта ма?» деген сұраққа жауап берді.

«Доллар құны 430 теңге болады деп ойламаймын. Себебі ставка өсті – доллар әлемде мықты валютаға айналды, күшейе түсті. Шынайы бағамды білу үшін доллар франкқа немесе еуроға шаққанда қанша тұратынын зерделеу керек. Долларға сұраныс артқаннан кейін Ұлттық банк оны қанағаттандырды. Ары қарай не болатынын болжау қиын. Бірақ меніңше, долларға деген сұраныс бәрібір жоғары болып қалады береді», - деді ол.

«САТЫП АЛЫҢДАР» ДЕЙ АЛМАЙМЫН...

Экономистке сонымен қатар қазір «доллар сатып алған дұрыс па?» деген сұрақ қойылды.

«Егер дәл қазір мен жаппай доллар сатып алыңдар десек, адамдардың бәрі айырбастау пунктіне барады да, сатып ала бастайды. Біз солайша доллардың бағамын көтеріп жібереміз. Асығып-аптығып сатып алуға шақырсақ, мұнымыз дұрыс болмайды. Сондықтан, кімге керек – солар сатып ала берсін. Бірақ ең бастысы осыны пайдаланып, ақша табуды көздегенді қою керек. 1 млн доллар сатып алам да, қымбаттағанда сатам дейтіндер бар», - деді ол.