×
479.39
457.43
8.21
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
479.39
457.43
8.21

Қоғам белсендісі Теңізшевройлды экологияға зардабын жасырып отыр деп айыптады

Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

«Байтақ болашақ» экоальянсының төрағасы, саясаткер Азаматхан Әміртай «Теңізшевройл» компаниясы ESG стратегиясы арқылы елге, оның ішінде экологияға қанша шығын әкелді, барлығы жан-жақты есептелу керек деп санайды деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«ESG стратегиясы енгізілу керек. Сол арқылы нақты ТШО әлеуметке, экологияға қанша шығын әкелдіп, соның бәрі есептеліп, жылына қанша қаражат бөлуі қажет екені айқындалуы тиіс. 36 миллион тонна мұнай өндіретін болса, өздерінің қосалқы мердігерлік компаниялары шығындарын көп қылып көрсетеді. Мысалы бір ғана терминал салғанға олар 1 миллиард 290 миллион доллар жұмсады. Сұмдық бұлардың істеп отырғаны», – деп қынжылды қоғам белсендісі Атырау облысындағы Құлсары қаласына сапарынан соң.

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында ТШО орналасқан Жылыой ауданының нашар жағдайын келтіріп, шетелдік мұнай өндіру алыбынан әлеуметтік-экологиялық ахуалды жақсартуға кемінде 15 млрд доллар қарастыруды талап етті.

ESG ұғымы компания қызметінде экологиялық, әлеуметтік әрі корпоративтік жауапкершілікті білдіреді. Бұл дегеніңіз, кәсіпорын өзі жұмыс істейтін аймақта қоршаған орта мен ондағы халыққа, қызметкерлеріне қамқорлық танытуы тиіс. Алайда, Азаматхан Әміртай, еліміздегі заңның солқылдақтығынан Теңізшевройл жергілікті мұнайшыларды небары алты айға немесе бір жылға келісімшартпен қабылдап, қит етсе жұмыстан шығара салатынына алаңдаушылығын жеткізді.

«Сенің жай-күйіңе, денсаулығыңа, басқада жағдайыңа қарамайды. Басшылықтың айтқаны заң, өл-тіріл бұлжытпай орындауың керек. Олай болмаса әне есік! Мұның кесірі жұмысшыларға тиюде. Олардың арасында өзі жұмыстан шығып кетпеу үшін, бір-бірін жамандап басшылыққа жағымпаздану секілді жаман үрдіс бел алып барады», – деп дабыл қақты сарапшы.