×
476.89
462.2
8.31
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.89
462.2
8.31

Қазақстан құрманы ең көп сатып алатын елдердің қатарына кіреді

02.04.2022, 12:24
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Жан басына шаққанда жылына 2 келі импорт бойынша Қазақстан тізімнің үшінші орнында тұр деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Қазақстан 2020 жылы шамамен 362 мың тонна өнім сатып алған негізгі тұтынушы Үндістаннан әлдеқайда артта қалды. Дегенмен, жан басына шаққандағы импорт бойынша біз жылына 2 кг/адам көрсеткішімен тізімнің 3-ші қатарындамыз! Тек Біріккен Араб Әмірліктері (16,2 кг/адам) мен Нигер (2,5 кг/адам) бізден жоғары. Үндістанда жылына бар болғаны жан басына шаққандағы импорт - 0,3 кг/адам», – деп жазды сарапшы.

Ернар Серіктің айтуынша, елімізге әкелінетін, Рамазан айында көп тұтынылатын құрма көлеміне қарап, Қазақстанда ислам дінінің белсенді дамуын байқауға болады. Оның сөзінше, бұл жемісте адам денсаулығына ең пайдалы талшық, калий және кальций мол. Кейбір ыстық елдерде құрманы «шөл наны» деп атайды.

Негізгі экспорттаушылар – Иран, БАӘ, Сауд Арабиясы, Ирак және Алжир. Дүниежүзілік құрма экспортының 70%-ы осы елдерге тиесілі. Сатылым барлық экспорттаушы елдерге жылына шамамен 2 миллиард доллар табыс әкеледі.

Импортқа келетін болсақ, «шөл нанының» негізгі сатып алушылары Үндістан, БАӘ, Марокко, Нигер және Индонезия болып табылады.

«Бір қызығы, Қазақстан 2016 жылдан бері тұрақты түрде әлемнің үздік 10 импорттаушысы қатарына кіреді. 2016 жылы біз 6,5 миллион долларға 22,9 мың тонна құрманы импорттадық, 2021 жылы импортты 18,5 миллион долларға 43,1 мың тоннаға дейін ұлғайттық. Жалпы, 2002-2021 жылдар аралығында Қазақстан құрманың жылдық импортын 31,5 есеге арттырды», – дейді экономист.