×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Лас, қараңғы, тар: Алматыда тексерілген білім ошақтарының 95%-ы талапқа сай емес

23.02.2023, 13:45
Лас, қараңғы, тар: Алматыда тексерілген білім ошақтарының 95%-ы талапқа сай емес
Коллаж: Ulysmedia.kz

Алматыда тексеру жүргізілген мектептер мен балабақшалардың барлығында дерлік санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылғаны анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Өткен жылы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 460 білім беру және тәрбие нысандарын тексерген: 247 тексеру жоспарлы, 213-і жоспардан тыс жүргізілді.

Анықталған бұзушылықтар фактілері бойынша 42,4 млн теңге сомасында 227 әкімшілік айыппұл салынды.

Тексеру кезінде ведомство санитарлық ережелердің келесі бұзушылықтарын анықтаған:

оқу кабинеттерінде жарықтандыру бойынша жүргізілген зертханалық зерттеулер нәтижелерінің сәйкес келмеуі;

су сынамаларын зерттеу кезінде микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздік;

ЖОО жатақханаларында бір адамға арналған тұрғылық жер ауданының талапқа сәйкес келмеуі;

санитарлық-дезинфекциялық режимді бұзу.

“Бұзушылықтарды жою туралы 204 нұсқама берілді. Оның 148-і орындалды, 56-сы орындалу үстінде. Сондай-ақ экономикалық және әкімшілік соттарға үш нысан бойынша материалдар жіберілді. Соттар санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің пайдасына шешім шығарды”, – делінген департамент хабарламасында.