×
479.39
457.43
8.21
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
479.39
457.43
8.21

Жыл басынан бері 3 мыңнан астам қазақ тарихи отанымен табысты

05.04.2022, 10:09
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 3 078 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 90,1 мың этникалық қазақ оралды деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жыл басынан Қазақстанға қандастардың жартысынан көбі (66,3%) Өзбекстаннан келген, 11,3% – Қытайдан, 10,9% – Түрікменстаннан, 2,2% – Моңғолиядан және 9,3% басқа елдерден.

«Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (30,2%), Маңғыстау (19%), Түркістан (11,4%) және Жамбыл (5,9%) облыстарына, сондай-ақ Алматы (6,5%), Нұр-Сұлтан (7,1%) және Шымкент (7,6%) қалаларына қоныстанды», – дейді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен.

Ағымдағы жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 62,7%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 23,2%-ды және зейнеткерлер 14,1%-ды құрайды.

Ресми орынның мәлімдеуінше, еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 11,5%-ы жоғары білімді, 39,6%-ы орта кәсіби білімді, 47%-ы жалпы орта білімді және 1,8%-ының білімі жоқ.