×
429.57
447.35
6.94
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
429.57
447.35
6.94

«Сіздер әдейі түсінбейсіздер!» – Жамаубаев офшор жайлы сұраққа ашуланып қалды

05.04.2022, 11:09
Фото: Ulysmedia.kz

Үкімет кулуарында журналистердің офшордағы ақшаны қайтару туралы сұрақтарына жауап берген Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың мазасы кетіп, едәуір ашуға да булыққаны байқалды. Министрге осы мәселеге байланысты ондаған сұрақ қойылған. Алайда жауап нақты берілмеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Шамамен қанша қаражат қайтарылады?»

«Қай елдермен келіссөз жүргізіп жатырсыздар?»

«Назарбаев әулетінің тәуелсіз зерттеу анықтаған сыртқа шыққан активтерін қалай қайтарасыздар?»

«Қазақтелеком активтерінің бір бөлігі офшорлық компанияға тіркелгені рас па?»

Министрдің басына «үйіліп-төгілген» осы сауалдар бірінен кейін бірі қойылды. Әу баста осы сұрақтарға сабырмен жауап бергенімен кейін Жамаубаевтың мазасы кете бастағаны байқалды.

«Ең біріншіден, ақшаны қайтару амалын қарастыруымыз керек. Ол капитал сыртта емес, біздің экономикамызға жұмыс істеуі керек. Ал капиталды қайтару ісі арнайы құқық қорғау органдарының құзыретінде. Бұл жұмыспен тікелей Қаржы министрлігі айналыспайды. Қазір сыртқа қанша қаражат жылыстағанын айту мүмкін емес. Импорттық немесе экспорттық операциялар бар. Соларды сараптай отырып, арнайы ұйым жұмыс істеп жатыр», - деді Жамаубаев.

Осы сауалдардың бірінде тіпті министр «қойылатын басқа сұрақ бар ма?» деп те айтып қалды. «Неге жауаптан бас тартасыз?» деген тілшінің біріне «мәселені зерттеп жатырмыз» деді.

«Мен Бас прокурор да, Жоғары сот төрағасы да емеспін. Тиісті ұсыныстарды президентке жолдаймыз. Сіздер дұрыс түсінбейсіздер, әлде әдейі түсінбейсіздер! Бес бағытта жұмыс жүргізіп жатыр. Соның бірі – Бас прокуратураның комиссиясы. Жайдан-жай ештеңе айтылмайды. Әрбір факт зерттелуі керек. Бұл ақпарат туралы ештеңе айта алмаймын», - деді ол.