×
475.51
464.15
8.2
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
475.51
464.15
8.2

«Боксшының айлығы күзетшінікен аз – 110 мың теңге»: Абаев ол жайлы не дейді

05.04.2022, 11:50

Осыдан 4 күн бұрын сұхбат берген бас бапкер (бокс) Қайрат Сәтжанов Қазақстанда ел чемпионы атанған боксшының айлығы бар-жоғы 110 мың теңге екенін айтып, соның салдарынан жас спортшылар кәсіби спортқа кетіп қалатынын айтқан. Осы мәселені  Ulysmedia.kz порталының тілшісі Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың алдында көтерді.

Қайрат Сәтжановтың айтуынша, әлем чемпионатында топ жарған боксшылардың айлығы 500-600 мың теңге көлемінде екен. Ал ел чемпионының айлығы күзетшінің жалақысына да жетпейді. Сол себепті жас спортшылардың кейбірі кәсіби спортқа кетіп қалса, кейбірі мектепке мұғалім де болып кетеді. 

Бұл мәселеге байланысты Дәурен Абаевтың өз пікірі бар екен.

«Бір ғана айлыққа қарамай, боксшы алатын барлық ақшаның есебін ескеруіңіз керек. Жалпы боксшының жаттығу үшін алатын ақшасы, іссапарда бөлінетін қаражаты, оның бәрін есептегенде қаржыны одан көп алады. Бірақ біз қазір бюджет қарастырып, оның аясында екі-үш жақсы шешім қабылдадық. Оны мәжілістен кейін хабарлаймыз. Бүгін қабылданған бюджеттің арқасында боксшылардың да, судьялардың және бапкерлердің жалақы көмегін ұлғайтамыз деп ойлаймын», - деді Дәурен Абаев.