×
429.57
447.35
6.94
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
429.57
447.35
6.94

Тоқаев олигархтардағы орасан байлық халыққа қайтарылатынын айтты

05.04.2022, 18:01
Фото: ашық дереккөзден

АҚШ-тың The National Interest журналында жарияланған «Еуразиядағы құбылмалы жағдай Қазақстанның дамуын бәсеңдетпейді» атты мақаласында Қасым-Жомарт Тоқаев қасіретті қаңтар оқиғасының қайталануына жол бермеу туралы айтты деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ол Қазақстанды реформалау және жаңғырту жөніндегі негізгі бастамалары, ең алдымен, халық көтерген экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталғанына назар аударып, «олардың бізден не күтетінін анық әрі айқын естідік», дейді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан экономикасын монополиядан арылту мәселесі туралы айта келіп, «жүйе тек таңдаулы адамдар үшін ғана емес, азаматтарымыздың игілігіне қызмет етуі керек», дейді. Өкінішке қарай, бұрын бұндай жағдайға жиі жол берілгенін еске салды.

«Олигархтар мен олардың монополияларына тиесілі орасан мол байлық еліміздің жұмысшы және орта таптарының игілігіне қайта жұмсалады», – дейді автор.

Реформалар негізгі мемлекеттік органдарда – президент әкімшілігінде, парламентте, жергілікті әкімдіктерде, сот және құқық қорғау жүйелерінде жүргізілмек. Жаңа Қазақстанда биліктің тармақтары мен мемлекеттік органдар арасында өкілеттіктердің теңгерімін басқаша қалыптастыру жоспарланып отыр. Қазақстан басқарудың «суперпрезиденттік» моделінен «нормативтік-президенттік» басқару түріне көшпек.

Азаптауларға мүлдем төзбеушілікке ерекше мән берілмек.

Тоқаев Украинаның аумақтық тұтастығын сыйлайтынын жеткізіп, Ресеймен екеуінің арасындағы кикілжің БҰҰ жарғысына сай шешілетініне үміт білдірді. Бұл тұста Қазақстан халықаралық мәртебедегі медиатор бола алады.