×
433.3
464.19
6.48
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
433.3
464.19
6.48

Ерекше балаларға арналған жекеменшік балабақшадағы жағдай жаға ұстатты

06.04.2022, 15:21
Фотода Людмила Абильхаятова: ашық дереккөзден

Елордадағы «САТИ» мүгедекті бар балаларға арналған инклюзивті оңалту және дамыту орталығындағы бассыздық желідегі жұрттың жағасын ұстатып отыр деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

Нұр-Сұлтан қаласындағы жекеменшік мекеменің құрылтайшысы ретінде Абильхаятова Людмила Александровна есімі аталуда.

Балабақшадағы тәрбиешілердің балалардың қорлауы желі қолданушыларының жанына батып, ҚР балалар құқығын қорғау омбудсменінен араша сұрады.

«Нұр-Сұлтандағы «Сати» инклюзивті балабақша тәрбиешілері ерекше балапандарға тәрбие бермек түгілі, қорлап жатыр. Дені сау баланың тілі бар, айтып келер. Мұндай балалар айта да алмайды ғой. Онсыз да психикасында ауытқуы бар бала кері кетпей ме, мына сорақылықтан», – деп ашынған журналист Гүлбану Әниятқызы тиісті балабақшалардың ақысы да удай екенін, жекеменшік болған соң, білім басқармасының құзыры жүрмейтініне қынжылды. Ата-аналар тарапы болса, жылтыраған жарнамаға сеніп қалатын болса керек.

Балабақшаны жауып, тәрбиешілердің жазалану талабын көпшілік қызу қолдады. Алайда қазіргі заманда дені сау баланың өзі салған қиғылыққа көну қиын екеніне назар аударған кейбір аккаунт иелері тәрбиешілерге де ұдайы психологиялық көмек қажеттігін алға тосты.

Тиісті дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу бойынша міндеттерді орындамау және қатыгез қарым-қатынас» 140-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болып отыр.