×
425.02
450.1
7.17
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
425.02
450.1
7.17

Мамандар несие алғанда сақтандырудан бас тартуға болатынын ескертеді

Карикатура: Ғалым Смағұлұлы

Сарапшылар сақтандыру полисін рәсімдеу сияқты қызметтердің ерікті екенін, олардың көбісі банк қызметкерлерінің айла-шарғысы екенін атайды деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

«Бүгінгі таңда банктер әдеттегідей сақтандыру өнімдерін сатудың басты арналарының бірі болып қалуда. Кей жағдайларда олар қарыз алушыларға тұтынушылық кредиттеу кезінде сақтандыру өнімдерін ұсынып жатады. Сақтандыру агенттерінің делдалдық қызметін жүзеге асыратын банктердің мүддесі, бірінші кезекте, өзінің жоғары комиссиялық сыйақысымен тартымды болып отыр, оның үлесіне банктің жалпы комиссиялық кірісінің шамамен 20%-ы тиесілі», – деп түсіндіреді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен.

Қаржы нарығының талдауы көрсеткендей, жекелеген банктерде комиссиялық сыйақы мөлшері сақтандыру қызметтері бойынша орташа көрсеткіштерден асып түседі. Бұл түсінікті де, өйткені сақтандыру компаниялары банктермен келісімшарттар жасасады және клиенттерді өзіне тарту үшін оларға пайыздар төлейді. Сондықтан банктер қарыз алушының кредит менеджері ұсынатын ұйымда сақтандырылуға келісім беруіне мүдделі.

Банк менеджерінің клиенттерге сақтандыруды басқа ұйымнан сатып ала алатындығын немесе оны мүлдем сатып алмауға болатынын хабарламау жағдайлары кездеседі.

Екінші кезекте – клиенттердің сенімі есебінен сақтандыру сатылымының жеңілдігі, өйткені адамдар банкке өздері келеді және оларды тартуға қосымша күш-жігер жұмсаудың қажеті жоқ. Маркетинг жөніндегі кітаптарының авторы Лен Клементс тұтынушылар қандай да бір шешім қабылдағаннан кейін, артынша қосымша шешім қабылдау жеңіл болатынын атап өтті. Кредиттерге қатысты мұндай қосымша шешім – сақтандыру полисі.

Сондай-ақ банктердің сақтандыру өнімдерін ерікті-мәжбүрлі тәртіппен сату мүмкіндігі бар. Яғни, қосымша қызметті сатып алудан бас тартқан жағдайда, себебін түсіндірместен сізге қарыз беруден бас тартылуы мүмкін. Заң бойынша, банк сізге кредит беруден бас тартудың себебін түсіндіруге міндетті, ал қосымша қызметті немесе өнімді сатып алусыз бас тарту – бұл менеджерлердің айла-амалдары.

Қаржы нарығын талдау, сондай-ақ кредит беру кезінде банктер сақтандыру сыйлықақысының, комиссиялардың және қосымша қызметтердің сомаларын кредиттің «ішіне» қосатынын және оған пайыздар есептейтінін, кредитті мерзімінен бұрын өтеген кезде сақтандыру сыйлықақысын қайтаруға мүмкіндік бермейтінін және қарыз алушыны кредиттің толық құны туралы жаңылыстыратынын көрсетті.

Мысалы, кредит ресімдеу барысында сақтандыруды ұсынған кезде, сіз өз қалауыңыз бойынша одан бас тарта аласыз немесе сақтандыру компаниясын өзіңіз таба аласыз. Қосымша банк картасы үшін, егер оны пайдаланбасаңыз немесе өте сирек пайдалансаңыз да, жылдық қызмет үшін ақы төлейсіз және кез-келген транзакция үшін (қолма-қол ақша алу, аударым, дүкенде ақы төлеу және т. б.) осы картадан комиссия алынады.

«Сондықтан қарыз мөлшеріне — ол сіз сұраған сомаға сәйкес келетін-келмейтіндігіне назар аударуды ұмытпаңыз. Банк менеджерінен сізге мақұлдаған қарыз сомасы, төлемдердің мерзімі мен мөлшері, кредит алу немесе мерзімінен бұрын өтеу кезінде комиссиялар бар ма, барлық пайыздар мен төлемдермен кредиттің толық құны қандай болады, артық төлем қанша болады және басқа да маңызды мәселелер туралы тағы бір рет анықтап алыңыз», – деп кеңес етеді мамандар.