×
432.69
455.32
6.81
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
432.69
455.32
6.81

«Азулыларға» алданып, жерінен айырылған ақсақал Президенттен көмек сұрайды

15.04.2022, 11:17

Бүгінгі кейіпкеріміз -  Алматы облысы Кербұлақ ауданының тұрғыны Ебен Машарбеков. Оны жергілікті құзырлы органдар Сарыбастау ауылындағы екі үйі мен жерінен заңсыз айырған. Қарияның әділдік сұрап бармаған жері жоқ. Ол сонымен бірге жерінен айырылған басқа да шаруаларға теңдік сұрайды. Қария мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жүгініп отыр. Ulysmedia.kz порталына сұхбат берген Ебен Машарбеков өзі бетпе-бет келген проблеманы айтып берді.

– Сіздің президентке жүгінуіңізге не себеп болды?

Құрметті, халқым! Мен сіздерден көмек сұраймын. Ең бірінші, президентімізден! Өткен айдың 16 күні мемлекет басшысы халыққа жолдауын жариялады. Сол үндеуде мен халықтың мемлекет басшысына деген ықыласының депутаттардан бастап қоғам қайраткерлерінде дейін бар екеніне сеніп, жағдайымды айтуға мәжбүр болып отырмын. Себебі далада қалғаныма екі жарым жыл болды. Мен 1978 жылдан бері Алматы облысы Кербұлақ ауданы Сарыбастау ауылында тұрып жатырмын. 2004 жылы сол Сарыбастау ауылында екі үй салып алдым. Оның заңды құжаттары қолымда! Бүгінгі күнге дейін Қонаев 2 және Қонаев 3 мекенжайындағы сол үйлер базада тұр. 2021 жылға дейін салығын төлеп отырмын. 2 гектар жердің де құжаттары міне. «Бағашар» деген шаруа қожалық баламның атында. Енді осы жерімнен айырылып қалдым. 2 гектар жер 30 адамға тиесілі. Тізімі тұр. Сыртымыздан ауданның әкімі Бағдат Әлиев қаулы шығарып, (Сарыбастау ауылдық округының әкімі Алдан Бекеевтің жиені әлішер Тұрғанбаевқа) 2006 жылы шыққан біздің қаулымыздың күшін жойып, 2 гектар жерді 8400 теңгеге сатты деп, сыртымыздан құжат жасап жіберген. Ал 8400 теңге туралы білмейміз де. Ал кейіннен барып, осы үйімнен айырылғаннан кейін сотқа жүгініп, сараптама жүргіздік. Сараптама сыртымыздан қойылған құжатқа Алдан Бекеевтің қолы қойылғанын анықтады. 8400 теңгені Алдан Бекеев Талдықорғандағы банкке барып төлеген. Құжаттардың бәрінде ол бар.

Әу баста Алдан бәріміз бірігіп жұмыс істеп жүргенбіз. 2013 жылдан 2018 жылдың желтоқсанына дейін. 2018 жылдың желтоқсанында Алдан екеуміз сөзге келіп қалдық. Өйткені маған ақша керек болып сұрағанымда ол ақша бермей, «керек болса мен бұл жерден сені айдап шығам» деген пиғылға салыпты. Қалай айдап шығасың? Міне, сыртымыздан құжат жасапты. Басында қатты сыйласып едік. Әкім болып ауданға келгенде бір бөлмемді босатып беріп, бір дастарханнан дәм татқанбыз. Балам деп сыйлап жүрдім. Сөйтіп жүргенде заңсыз құжат жасап, мені сотқа беріпті. Сот орындаушы келді бізге. Кемпірім ауырып, қалада қаратып жатсам, сот орындаушы маған қоңырау шалып, үйді босат дейді. 2019 жылы 14 қазанда шынжырдағы итімді атып, болгаркамен құлыпты кесіп, үйімді тартып алды. Содан бері құқық қорғау органдарының бәріне арызданып жүрмін.

Кейін тексеріп қарасақ, әлгілер менің баламның атынан 120 млн теңге субсидия алып алыпты.

– Сонда субсидияны сіздердің аттарыңыздан алып алған ба?

– Осы 120 млн теңгені алғанда баламды алдаған. Алдымен бірге алып жүрген де, кейін балама «ары бері жүресің бе, мен анау жеңгеме сенімгерлік бер» деген. Қайрат Бекеев мәслихаттың депутаты болып жүрді. Қазір Кербұлақ ауданының мәслихатының төрағасы. Әйелі Табиға ақшаны қол қойып алып отырған. Сөйтіп, 120 млн теңге ақшаны алады.

Алғашында осы істің бәрі Алматы облысының антикорында дәлелденген.  10 шақты адам жауапкершілікке тартылатын болды. Содан мен осы Астанаға келіп, Алик Шпекбаевқа (Антикордың бұрынғы бастығы) арыздандым. Сол кісінің қудалауының арқасында іс дәлелденіп еді. Сол кезде маған олар «үлкен адамсыз, келісейік, 10 шақты адам сотталып кететін болды» деп жалбарынды. Жарайды дедім де, ақшаны қайтарып берсең болды дедім. Солайша Алматыға бардым. Бекеевтерден ол жерде Қанат та, Қайрат та, Алдан да болды. Бәріміз бетпе-бет кездесіп едік, анау жерде үйді де, қойды да беретін болды. Ешкім сотталмасын деп ойлап жүрсем, бұлар менің сыртымнан келісіпті де, бәрін алып бердік деп, өтірік құжат жасап, істі жауып тастапты. Ал енді Алматы облысының прокуроры Жылқыбаевтың алдында екі рет болдым. Ақсақал бірін білсем, бірін білмейді екенмін, реттеп береміз деп, шақырды. Онлайнмен сөйлесіп едім, шешеміз деді. Дұрыс шешім шығарып бере ме десем, ісімді тоқтатып тастапты.

Осыдан кейін бас прокурор Нұрдәулетов мырзаға арыз жаздым. Серік Шалабаев деген тексеруші тексеріп, 23-де шешімді бұзып, бәрін дәлелдеп, қайтадан Алматы облысына жіберді. Осыдан кейін тергеуші Қуатханов деген адам қылмыстық істе Алдан Бекеевті күдікті деп танып, 7 млн теңгеге күдікті ретінде танылды. Ал енді бұл жерде 7,5 млн теңге қаралып отыр. Арғы жағындағы 110 млн теңге қаралмай отыр. Жылқыбаев деген тергеуді жауып тастады.

Сонда Жылқыбаев деген кім?

– Алматы облысының прокуроры. Оңал Бекеев деген кісі Алматы облысының антикорына кіреді. Оның кіргенін Жиенбаев деген антикор бастығының орынбасары айтты. Бекеевтар қайта-қайта ісімді тоқтатып тастайды. Балам Бекеевтардың малын 5 жыл бақты. Енді сол баламның атынан олар 120 млн теңге алған. Бекеевтар егілмеген жерге егін ектік деп, қол қойып, жалған құжатпен субсидия алған. 2 жарым жыл далада қаңғырып жүрмін. Қылмыстық іс қайта-қайта жабылып қалады.

Басында тірлігіміз жүріп тұрғанда ауылымызға облыс әкімі Райымбек Батталов келген. 70 жасқа толғанда ауданның құрметті азаматы атағын берді. Сондай жақсы жүрдік. Сөйтсем, аналар мені алдап, барлық құжатты жасап алыпты. Бүгінгі күні мен далада қалдым. Бүкіл халық жерінен айырылды. Сарыбастау ұжымында Сарыбастау, Арқарлы, Малайсары ауылдарының жерін Алдан Бекеев пен Бағдат Әлиев деген кісілер алып, бөліп алды. Қазір олар Сарыбастауда тұрады.

– Сонда 246 адамның барлығының жерін солар алып алған ба?

– Иә. Алдан Бекеев, Бағдат Әлиев отбасылармен қатты араласқан. Олар Талдықорғанда облыста бірге жұмыс істеген. Ауданға келгеннен кейін екеуі Сарыбастауда екі база алған. Менің өзімнің жан айқайым: мүмкіндік болса, ауыл тұрғындарының қазір жағдайы қиын. Енді Қызылшоқының 3321 гектар жерін қайырып берсе! Президент жастар еңбек етсін деп жатыр ғой. Жерін алса, біреу егін салып, екіншісі малын асырар еді. Сол ауылда тұрады жерсіз. Осылардың жерін алып берсе дейміз. Олар маған «сіз жерді сатып жібердіңіз» дейді. Мен ешкімге сатқан жоқпын. Сатсам, соттаспас едім. Құжаттардың бәрі қолымда. Екі жарым жылдан бері еш жерден әділдік таппай, шырылдап жүрмін. Өзім 2 гектар жерімді алсам деймін. Осы жерді кепілге қойып. 48 млн теңге жер алып алыпты. Банктен! Менің үйімде кепілге қоятындай олардың қандай құқығы бар.

– Сіздің үйіңізді де кепілге қойғанда сіздің қолыңыз қойылған ба?

Сыртымыздан қойған. Сараптама жасалды.

– Сонда бұл кісілердің соншалықты заңсыздық жасағанының артында кім тұрған?

– Прокурорлар тұр.

– Ал ол прокурорлардың артында кім тұр?

– Оңал Бекеев біздің намысқа тидің деп сотқа беріп, Алдан Бекеев те 1 млн теңге талап етті. Содан 5 рет сот бас тартты да, алтыншы сотта Көксу аудандық соты аналарға менің зейнетақымнан 432 мың теңге қиып берді. Мен қайтадан Алматы облысының Жоғары сотына арызданып едім. Олар бұлардың арызын негізсіз деп бұзды. Қайрат Бекеевтің ақшасы дәлелденіп тұр. Мына прокурордың салдарынан іс қозғалмайды.

– Бекеевтерге Жылқыбаев не үшін 246 адамның жерін алуға мүмкіндік беріп отыр? Заңсыздықтың артында не тұр?

– Қазір олар пайда көріп жатыр. Оңал Бекеев деген генералдың арқасында ешқандай жұмыс жүрмейді. 1700 жерге канапля екті. Ол халықтың жері. Одан ақша алды. Салықтан жалтарды. Халықтың жерінен түскен ақшаны екі әкім қалтасына басып алды. Міне! Мен қайда барарымды білмеймін. Сіздерге келіп, өтініш айтып отырмын.

 

Құрметті Президент! Құрметті Прокурор! Қоғам қайраткерлері!

 

Көмектесулеріңізді сұраймын. Оригинал құжаттар арқылы расталған 2 гектар жерімді қайтарып, өзі алмаған 120 млн теңге субсидия үшін менің балам жауапкершілікке тартылып кетсе ен қайтем? Кінәліні анықтап берсе деймін. Ауылдың бұрынғы тұрғындарына жерін қайтарып берсе дейміз! Қарапайым халық ауылда тұрады. Мал бағайын десе де, егін егейін десе де жері жоқ. Сіздерден көмек сұраймын.

Алдан Бекеев маған «қайда барасың? Қазір заң емес, ақша сөйлейді» деп тіке айтты. Әділдік мен жақта! Бірақ әділ заң жоқ. Нақты осы істі қозғайтын адал адамдарға менің қолымды жеткізбейді. Бұрынғы бас прокурорға 15 арыз жаздым. 15 арыз жетті ме, жетпеді ме? Сотқа Асановқа неше арыз жаздым. Бергі канцеляриядан қайтып келеді. Марат Ахметжановтың да қабылдауына кіре алмадым.

Қазір прокурор Берік Асыловқа арызымды бүгін өткіздім. Сіздерден көп жақсылық күтіп отырмыз.