×
425.02
450.1
7.17
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
425.02
450.1
7.17

Қайрат Нұртас қазынаға бір жылда 200 теңге салық төлеген

17.04.2022, 13:23
Фото: ашық дереккөзден

«Қайрат Нұртас Production» компаниясы 2021 жылы қазынаға 200 теңге салық төлеген деп хабарлайды ulysmedia.kz  uchet.kz-ке сілтеме жасай отырып

"ҚАЙРАТ НҰРТАС PRODUCTION" ЖШС 2012 жылы ашылған компания. 9 жыл 7 ай жұмыс істейді.  Салық төлеушілер дерегі топтастырылған порталда оның жетекшісі Айдарбекова Күлзира Үсенқызы деп көрсетілген. ЖШС кино, бейнефильмдер мен телевизиялық бағдарламаларды таратумен айналысатыны жазылған.

Скрин: uchet.kz

2018 жылы з млн теңгеге дейін салық төлеген компания, былтыр қазынаға тек 200 теңге аударған. Төрт жыл қатарынан млн-дап салық төлеген ЖШС-ның соңғы 3 жылда табысы күрт төмендесе керек. Бұған пандемия да әсер етуі мүмкін.