×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Дәстүрге беріктік пе: қазақстандықтардың төрттен бірі қыз алып қашуды құптайды

07.03.2023, 13:26
Дәстүрге беріктік пе: қазақстандықтардың төрттен бірі қыз алып қашуды құптайды
көрнекі фото, ашық дереккөзден

Ел тұрғындарының көпшілігі қыз алып қашуды қылмыс деп санамайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Отбасы институтын зерделеу орталығының басшысы Ольга Николаеваның айтуынша, бұл ел тұрғындары арасында жүргізілген сауалнама нәтижесінде белгілі болған.

Ольга Николаеваның сөзінше, сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 23,6%-ы әйелдерді зорлықпен ұрлау құбылысын бейтарап немесе оң бағалайды.

"Респонденттердің 54%-ының пікірінше, егер қызды өз келісімінсіз алып қашқан жағдайда ол құқық қорғау органдарына мәлімдеуі керек. Ал 11,7% - ы ол барған жерінде қалып, ұрлаушыға тұрмысқа шығуы керек деп санайды", - дейді орталық басшысы.

 Қазақстандықтардың 18,4%-ы қыз өзін алып қашқан адамның үйінен кетуі керек, бірақ құқық қорғау органдарына хабарламауы қажет деп есептейді.

Сонымен қатар, спикер жыныстық қудалау мәселелері туралы айтты: сауалнамаға қатысқандардың шамамен 5 пайызы(ерлер де, әйелдер де) осындай жағдайды бастап өткеріпті.