×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Тағы да қымбатшылық: Қазақстанда сүт бағасы қаншалықты өсті

10.03.2023, 10:43
Тағы да қымбатшылық: Қазақстанда сүт бағасы қаншалықты өсті
sputnik.kz

Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары 0,2%-ға, жылдық мәнде 23,6%-ға өсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті.

“Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді. Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады”, – делінген хабаралмада.

ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы /2023 жылғы 7 наурыз/:

Сүт 2,5% – 355 тг/л

Құмшекер – 454 тг/кг

Күріш – 383 тг/кг

Айта кетейік, бұдан бұрын Қазақстанда бір жыл ішінде азық-түлік тауарларының бағасы 26,2%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 20,5%, ақылы қызметтер құны 15% өскенін хабарлағанбыз.