×
425.02
450.1
7.17
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
425.02
450.1
7.17

Бурахан Дақанов: Қазақстанның солтүстігін Құдай ғана қорғап тұр

22.04.2022, 09:57
Фото: Ulysmedia.kz

Қазақстанның оңтүстігіне қарағанда солтүстігінде жұмыс көбірек. Ulysmedia.kz порталына сұхбат берген қоғам белсендісі Бурахан Дақанов осылай дейді.

«Адамдар көшіп жатыр. Неше көшеді? Яғни мүмкіндік жоқ деген сөз. Оңтүстіктен қарағанда солтүстікте жұмыс табу мүмкіндігі молырақ. 25 жыл бұрын Ақмола жерінде осындай керемет қала болады деп ешкім ойламаған. Аяқ астынан елорда салынды. Қандай керемет! Сәл аз ақшаға бұл жақтан үй ала алмайсың. Сол себепті меніңше, қазақ неғұрлым жер иесі болуға тырысуы керек», - дейді ол еркін әңгіме барысында.

Оның айтуынша, Қазақстанның солтүстігінде қаңырап қалған ауылдар өте көп. Ал халықтың біразы қазір сол жаққа көшіп, жерді иеленіп, 2-3 гектар жер алса, сол жердің құны 100 жыл өтсе де түспейді.

«Қуаңшылық кезінде Құрмет көп шаруаға көмектесіп, малдың көбін сақтап қалды. Құрметтің көмегімен Маңғыстаудағы және Қызылордадағы мал иелерінің бәрін болмаса да, көшкісі келетін адамдарды көшіргім келеді. Қазақ көшпелі халық болды. Не үшін көшті? Малдың ыңғайы үшін қоныс аударып отыратын. Қазір Қызылорда мен Маңғыстау облысында қуаңшылық болып жатыр. Оған Құрмет куә. Ал біз жақта жерді белден қазсаң, қара топырақ. Шөбі шүйгін. Алмасбек Садырбаев ағамыз айтпақшы, салат біз сөзбен! Неге көшпеске? Қаншама бос ауылдар жатыр. Инфрақұрылымы сақталған елдімекендер қаншама көп. Мысалы Балуан деген ауылдың жанында көлі бар. Шал ақын ауданының орталығы Сергеевкадан да қатты алыс емес. Бірақ қазіргі уақытта шамамен сол жерде бес-ақ отбасы отыр. Ауылдық округке қарасты жері бос», - дейді Бурахан Дақанов.

Оның сөзіне қарағанда солтүстікке келген адам ұлтына қызмет қылып қана қоймай, өзіне қызмет етіп, малын өсіріп, жағдайы жақсарады.

«Ал Солтүстік Қазақстанда мал бағатын мүмкіндік бар. Келсін. Биыл Қазақстанда шамамен 3 млн-ға тарта оқушы оқып жатыр екен. Соның 504 мыңнан астамы Түркістан облысында. Ал Солтүстік Қазақстанда 75 мың ғана оқушы. Ұлттардың ара-қатынасын, басқа да мәселелерді сараптай отырып, бір ғана сөз айтуға болады – Солтүстікті Құдай ғана сақтап тұр. Құдайдың қанша уақыт сақтайтынын өзі білер. Өзіміз қозғалып, бір жақты етпесек, ізінше не айтқым келіп отырғанын сезіп отырған шығарсыздар», - дейді ол.