×
432.69
455.32
6.81
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
432.69
455.32
6.81

"Меня заказал криминальный авторитет": Жарты млрд теңге жымқырған шенді сотталды

30.04.2022, 09:42
Фото: ашық дереккөздерден

Батыс Қазақстан облысында 600 миллион теңгеден аса мемлекет қаржысын жымқырған лауазымды тұлға сотталды деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Астана” арнасының мәлімдеуінше, “Аграрлық несиелік корпорацияның” Батыс Қазақстан облыстық филиалы директорының орынбасары Ерболат Оңғарбек 626 миллион теңгені жымқырғаны үшін 9 жылға сотталды.

Сот материалдарына сүйенсек, ол өз сыбайластарымен бірге бірнеше жыл бойы мемлекет қаржысын қалтаға басып келіпті. Бірақ айыпталушы өз кінәсін мойындамай отыр.

Сот залындағы оқылған деректер бойынша, Ерболат Оңғарбек шаруаларға берілетін арзан несиенің бір бөлігін өзі иемденіп келген. Кейін несиені өзіне рәсімдеп алудың амалын тауыпты.

Осылайша ол өз серіктерімен бірге Орал қаласымен шектелмей, Атырау мен Маңғыстау облыстарында да жымысқы әрекет жасаған.

Олардың шаруаларға көмек ретінде ашылған бірнеше мемлекеттік бағдарламаны жоспар бойынша жүзеге асырмай, бөлінген қаржыны талан-таражға салғаны әшкере болды.