×
425.02
450.1
7.17
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
425.02
450.1
7.17

Шымкентте патрульдік полиция полкінің командирі пара алып жатқан жерінде ұсталды

30.04.2022, 10:45
Фото: acca.media

Жақында Шымкент қаласы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі патрульдік полиция полкінің 4-рота командирінің қылмыстық әрекеті ашылды деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми Telegram-арнасының жазуынша, оған қарамағындағы қызметкерлерден қызметі бойынша көрсеткен қамқорлығы үшін жүйелі негізде пара алды (Қылмыстық кодекстің 366-бабы) деген айып тағылуда.

27 сәуір күні Шымкент қаласының полиция департаменті АББ-мен бірлесіп жедел-іздестіру іс-шаралары кешенін жүргізді.

Күдікті қарамағындағы қызметкерлерден кезекті рет пара алғаннан кейін ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

29 сәуірде Шымкент қаласының мамандандырылған тергеу соты оған қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Сонымен қатар, бірқатар өңірде полиция бөлімшелерінің басшыларына қатысты айыптау үкімдері шықты.