×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Қазақстандықтардың жалпы орташа табысы қанша

17.03.2023, 10:28
фото: ашық дереккөзден

Елімізде халық табысының 22,7%-ы әлеуметтік төлемдердің үлесінде, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылы қазақстандықтардың орташа есеппен жалпы табысы 962,5 мың теңге болды.

“Оның едәуір бөлігі еңбекақының (705,4 мың теңге немесе 73,3%) үлесінде. Тағы 218,2 мың теңге әлеуметтік төлемдердің үлесінде: зейнетақы – 176,7 мың теңге, жәрдемақы – 36 мың теңге, шәкіртақы – 4,8 мың теңге, атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) – 645 теңге. Олар жалпы кірістің 22,7%-ын құраған. Бұл үлес – 4 жылдағы ең аз мөлшер”, – делінген хабарламада.

Ең жоғары көрсеткіш 2020 жылы болды. Сол кезде халықтың бір бөлігіне жоғалған табысының өтемі ретінде 42,5 мың теңге (28,5%) төленді.

Екінші жағынан, бұл 10 жыл бұрынғы көрсеткіштен (15,1%) әлдеқайда көп.

Серіктес жаңалықтары