×
468.9
485.64
7.7
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.9
485.64
7.7

Садырбаев министр Қарашөкеевке: Мені сотқа берсең бер, бірақ сен бидай трейдерлерінің лоббисісің

03.05.2022, 13:40

Ulysmedia порталына сұхбат берген белгілі кәсіпкер, қоғам белсендісі, «Шопан ата» шаруалар қауымдастығының төрағасы Алмасбек Садырбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевке қатысты мәлімдеме жасады.

«Мамытбеков (Асылжан – бұрынғы ауыл шаруашылығы министрі) ангус деген асыл тұқымды ірі-қараларды қолдады. Лоббисі болғанын қазір өзі де мойындайды. Келесі министр Асқар Мырзахметов кооперацияға лобби жасады. Субсидияны, бағдарламаны соған бұрды. Бәрімізге жұмбақ болып жүргені – қазіргі Қарашөкеевтің кімнің лоббисі деген сұрақ. Менің пайымдауымша, ол қазір бидайшылардың лоббисі. Бірақ оған менің дәлелім жеткіліксіз болды. Бір айдың көлемінде тағы бір дәлел пайда болды», - деді ол.

Алмасбек Садырбаев сонымен бірге батыл мәлімдеме жасады.

«Президентті қуаңшылық деп, улап-шулап, шаруалар көтерілейін деп жатыр деп, жалған ақпарат жеткізіп, бұл кісілер былтыр бидай өсірушілерге 70 млрд ақша бөлген. Президент оның үстіне тағы 40 млрд теңгені бір сұрап алды. Жаңа жылда. 110 млрд теңгені тағы алды. Барлығы бидай өсіретіндерге! Қарашөкеев кімнің лоббисі? Менің ойымша, президентте жеткілікті ақпарат болса ол былай сұрақ қоюуы керек еді: ең, Ербол, ауыл шаруашылығы дегеніміз ол – екі тең аяқ. Мал шаруашылығы және егін шаруашылығы. Сен егін шаруашылығы үшін 110 млрд теңге сұрасаң, мао шаруашылығы үшін не үшін сұрамайсың?» деуі керек қой. Ербол, мені сотқа берсең бер! Мен ашық айта аламын. Сен бидай трейдерлерінің лоббисісің. Былтырдан бері қақсаған шекараны жаба алмадың. Бидайды сатқыздың. Қазір өтірік квота қойып қойдың. Елімізден бидай мен жем, ұн кетіп жатыр. Ербол – бидайшылардың лоббисі», - деді Алмасбек Садырбаев.