×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Астанада сайлаудан шеттетілген белсендіні желідегі тікелей эфир кезінде ұстап әкетті

19.03.2023, 15:31
әлеуметтік желіден

Астанада азаматтық белсенді, Мәжіліс депутаттығына өзін-өзі ұсынған Амангелді Жахин ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сайлауалды үгіт-насихат науқаны кезінде Жахиннің кандидатурасы сайлаудан алынған болатын. Бұған наразылық білдіру үшін ол әкімдікке митинг өткізетіні жөнінде хабарлама жіберген. Митингке рұқсат берілмесе де, ол алған бетінен қайтпаған.

Астана жағалауында тікелей эфирге шыққан белсенді бәрі қалыпты екенін жеткізді.

"Біз жағалаумен жүріп келеміз. Бәрі тыныш, үйден шықты, ешкім тоқтатпады. Біреуі болды, бірақ ол сәлден соң бой тасалады. Сонымен, міне. Сайлау заңсыз. Олар хабарлама жіберіп, митингке шығуға болады деді. Хабарлама жібердім де, шықтым. Бәрі тыныш. Әрине, оғаштау адамдар жоқ емес. Ескерткішке жақындаған сайын ондайлар көбейіп келеді", - дейді белсенді видеода.

Эфир соңында кадрдан қара күрте мен медициналық маска киген ер адамдар көрінеді. Олар белсендіні ұстап алып, телефонын тартып алды. Өздерін таныстырмаған ер адамдар Жахинді алып кетті.

Құқыққорғау органдары белсендінің ұсталуына қатысты пікір білдірген жоқ.

Серіктес жаңалықтары