×
429.57
447.35
6.94
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
429.57
447.35
6.94

Кедейшілікпен күресте Әшімбаев Тоғжановқа «бұрынғы тетіктерді» пайдаланбауға кеңес берді

05.05.2022, 11:04
Коллаж: ulysmedia.kz.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа халықтың табысын арттыру формаларын жаңартуды ұсынды, деп жазады Ulysmedia.kz.

Сенатта бүгін үкімет мүшелері кедейшілікпен күресудің амал-әдістерін таныстырып жатыр. Отырыс барысында Мәулен Әшімбаев Ералы Тоғжановқа басқа елдердің тәжірибесін үлгі етті.

«Ералы Лұқпанұлы, жалпы халықтың табысын арттыру ең маңызды мәселелердің бірі. Бұл бағытта жұмыс істеп жатырсыздар, оны білеміз. Арнайы бағдарлама қабылданып, оған бюджеттен 197 млрд теңге бөліп отырмыз. Бұл жерде біздің айтпағымыз, көп тәсілдерді бұған дейін де пайдаландық қой, уақытша жұмыс орындарын ашу деген бар, төлемақы төлеу деген, басқа да бір формалар бар.... бірақ «Жаңа Қазақстан» деп жатырмыз, жаңа механизмдерді, жаңа жолдарды іздеу орынды болар деп есептейміз. Халықаралық тәжірибені де жақсылап зерделеп, басқа мемлекеттердің үлгілерін пайдаланғанымыз артық болмайтын шығар. Мысалы, Қытайда кедейшілікпен күреске бағытталған үлкен бағдарлама бар. Нақты нәтижелері де бар. Бангладеш деген адам көп мемлекеттерде нәтижелі бағдарламалар жүзеге асырылған. Сондықтан алдағы кезеңде бұрынғы тетіктерді пайдалана бермей, жаңа механизмдерді де жүзеге асырғанымыз орынды болар деп есептейміз», - деді Мәулен Әшімбаев.

Палата төрағасы үкімет басшысының орынбасарын алдағы уақытта (сессия соңына дейін) тағы келуін өтініп, жаңа тәсілдерге байланысты ойлары мен істеп жатқан жұмыстарын айтып беруін сұрады.