×
429.57
447.35
6.94
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
429.57
447.35
6.94

Досым Сәтпаев: 9 мамыр шеруге шығып, отшашу ататын күн емес – еске алу күні

09.05.2022, 13:21
Фото: Ашық дереккөзден

Белгілі саясаттанушы Досым Сәтпаев Жеңіс күніне орай ойын ортаға салды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Саясаттанушының айтуынша, соғыстың бәрін інінде тұншықтырған дұрыс. Әйтпегенде, мыңдаған, миллиондаған адам опат болғанымен қатар, жеңген елдің де, жеңілген елдің де жадында жарақаттан кейінгі тыртық қалады.

«Бүгін майданнан оралмаған сарбаздарды еске алатын күн. Тірі қалғанымен, үйіне оралудың орнына ошағын сипап қалған азаматтарды, тылда еңбектенгендерді еске алатын күн. Мәңгілік жалғыз қалған аналар мен жесір әйелдерді, олардың ұлдары мен қыздарын еске алатын күн», - дейді ол.

Досым Сатпаев Жеңіс күні ең бірінші кезекте шеру ұйымдастырып, отшашу ататын күн емес екенін, ең бастысы сұм соғыстың құрбандарын еске алатын сәт екенін атап өтеді. Сондай-ақ ол И.Шефнердің «22 маусым» атты өлеңінің жолдарын келтірді.

«Билемеңіз, сіз бүгін ән салмаңыз,

Ойланыңыз, бір сәтке тамсанбаңыз.

Үнсіз ғана терезеге көз салыңыз,

Құрбан болған жандарды еске алыңыз».