×
432.69
455.32
6.81
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
432.69
455.32
6.81

Президент «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды

09.05.2022, 12:47
Фото: Ашық дереккөздерден

Мемлекет басшысы «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойып, соғыс жылдарында қаза болған қазақстандық жауынгерлердің рухына тағзым етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Содан кейін Республикалық гвардияның оркестрі Мемлекеттік әнұранды орындады, Құрметті қарауыл ротасы Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысының, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің алдынан салтанатты шерумен жүріп өтті.

Рәсім соңында Қасым-Жомарт Тоқаев ардагерлермен әңгімелесті. Президент оларды Жеңіс күнімен құттықтап, барша қазақстандықтарға зор денсаулық, бақыт, ашық аспан тіледі.