×
476.71
467.03
8.36
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.71
467.03
8.36

Зеленский: Украинада Жеңіс күнінен екеу болады

09.05.2022, 16:12
Фото: Ашық дереккөзден

Украина президенті Владимир Зеленский 9 мамырға орай украиндықтарға үндеу жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«24 ақпанда біз бір шындыққа көз жеткіздік: досыңмын деген ел Украинаға қарсы соғыс бастады. Бұл екі әскердің соғысы емес – екі дүниетанымның соғысы. Олар біздің философиямыздан қорқады – біз өз жолымызбен жүретін еркін адамдармыз. Біз ата-бабамызды мақтан тұтамыз, бұл жеңісті ешкімнің өзімізге меншіктеп алуына жол бермейміз. Жау 9 мамырды тойлаудан бас тартамыз деп армандады, сонда «денацификация» деген сөзге мүмкіндік тусын деді. Бірақ біздің ата-бабаларымыз фашистерді Украинадан қалай қуып шыққаны есімізде. Нацизмді жеңген күні біз жаңа жеңіс үшін күресіп жатырмыз», - деді ол.

Украина президентінің айтуынша, Ресей басқа басқыншылармен бір орға түскен: барлық соғыстардың финалы бір. «Біздің жерімізге оқ пен снаряд жаңбырша жауды, бірақ бірде-бір жау тамыр жайған жоқ» дейді ол.

«Біздің еркін рухымызға кедергі бола алатын ешқандай бұғау жоқ. Ерте ме, кеш пе жеңеміз – тіпті нацизмді де, тіпті орданы да. Біреу патша, әкесі, фюрер, партия мен көсем үшін күресіп жатқан шығар, ал біз Отан үшін күресеміз. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ата-бабамыздың ерен ерліктерін ешқашан ұмытпаймыз және «қайта істей аламыз» демейміз, өйткені мұны қайталауға жынды адам ғана келеді. Кімде-кім бүгін де Гитлер режимінің қылмысын қайталаса, ол құрдымға кетеді. Жақында Украинада екі Жеңіс күні болады. Ал екінші елдің бірде-бір жеңісі болмайды », - деді ол.