×
432.69
455.32
6.81
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
432.69
455.32
6.81

Айтылмаған ән: Марат Әбиев өтпей қалған концерт үшін Тоқаевқа шағымданды

11.05.2022, 10:11
Коллаж: ulysmedia.kz.

Сонымен не болды? Марат Әбиев неліктен бүкіл астананы, қала берді елді алаңдатып қойды? Қандай концерт ұйымдастырды? Не үшін концертке көрермен арнайы автобустармен жеткізілді? Әлеуметтік желілерде құқық қорғау органдар жастардың толқуын басты деген сыңайда ақпарат жарияланған. Ulysmedia.kz порталының тілшісі Марат Әбиевтің өзін сөзге тартып, астанада қандай концерт ұйымдастырғысы келгенін анықтап көрді.

– Жұрттың бәрі концерт жайлы сөзді сан-саққа жүгіртіп кеткен кезде сіздің нұсқаңызды білсек деп едік...

– Біз концертті ұйымдастыру жұмысын желтоқсан айында бастадық. Дәлірек айтсақ, идея сол кезде пайда болды. Достарымыз Тиматиді шақыруды ұсынды. Бірақ содан кейін Қаңтар оқиғасы, Украинадағы соғыс болып кетті. Тимати кенет соғысқа қатысты белсенділік таныта бастады. Осыдан кейін біз Тиматиден бас тартып, Леван Горозияны шақыруды жөн деп шештік. Концерт 300 мың қол жинау үшін жаңа аудиторияны тартуы керек еді.

Бірақ біз концертке дайындалып жатқанда-ақ қол жинадық, содан кейін 300 мыңдық мақсатқа жету үшін бұл мереке ретінде де белгілеуді ойлағанбыз.

Қазақпыз ғой. Жақсы жетістіктерді тойлау керек. Былайша айтқанда, өзіміз үшін корпоративтік кеш ұйымдастырдық. Негізі, бұл концерт біздің қауымның мерекесі болуы керек еді.

«Любители БМВ» Вконтакте тобы рэп фестивальге жиналмақ болған. Бәрі ойдағыдай еді.

Жария қылмауымыздың себебі, көп адам концертке келгісі келіп, билет сатпадыңдар немесе мен де барғым келеді деп көңілі толмағандар көп болады деп ойладық. Тіркелген Генезисте билет онлайн сатылған. Отыратын орындардың бәрі тегін болды.

Кейбіреуіне жол шығынының бір бөлігін жабуға көмектестік. Демеуші бола қалған жігіттер табылды және олардың өздері достарына арнап автобус шығынын көтерді. Бір сөзбен, бірлігі мығым команда. Ақыры, бізді жол үстінде кері қайтарып, концертті болдырмай тастады.

– Ең соңғы кешінде не үшін ол концерт өтпей қалды?

– Менің білуімше, қала басшылығы қоғамдық тәртіпті қорғауға адам мен жедел жәрдем көлігінің аздығына алаңдаған. Қазір біз концерттен бас тартудың шынайы себептерін түсінуге тырысып жатырмыз. Ұмытпаңыздар, мен бизнесменмін. Мен шараның тапсырыс берушісімін, концерт ұйымдастыруда тәжірибем жоқ. Сондықтан, біз іс-шараны толық ұйымдастыруды қолға алған мердігерлерді жұмысқа алдық.

Менің командам актерлік жұлдыздардың, жүргізушілердің кім болатынын мақұлдады, сонымен қатар біз сахна мен фотоаймақтардың дизайны мен құрылысын да келісіп отырдық.

Сондай-ақ БҰҰ, ФАО, қаржы институттары – ЕҚДБ, АДБ, мемлекеттік органдар, серіктестер сияқты халықаралық ұйымдардан да қонақтар шақырылды.

Барлық шот-фактура төлемі уақтылы жүргізілді. Қазір біз барлық мәліметтерді анықтауға тырысып жатырмыз.

– Адамдарды автобуспен елордаға жеткізудің қаншалықты қажеттігі болды?

– Мынаны түсініңіздер, Genesis – біздің елдің қарапайым азаматтары. Қазір бәрі тек автобустар жайлы айтады, ал ұшақпен де, пойызбен немесе өз көліктерімен келген мыңдаған адам бар ғой. Алайда Genesis-те адамдардың бәрі де ұшақпен ұша алмайтынын немесе қонақүйге орналаса алмайтынын түсіну керек. Олардың көбімен мен таныспын, солар үшін осы концертті ұйымдастырдым. Өзіңіз де ойлап көріңізші, олардың көбінің айлығы 70-80 мың теңге, олар отбасы бюджетінен 20 мың теңге, билет үшін тағы 30 мың теңгені ала алмайды ғой.

Сол себепті біз жағдайы жоқ, бірақ концертке келгісі келетін азаматтарды қаржыландырып, жол шығынын өтеп берейік дестік. Жұмысбасты болып немесе отбасылық жағдайымен концертке көп адам келе алмады.

Автопарктермен және жүргізушілермен келісімшарт жасалып, маршрут белгіленіп, күні мен уақыты белгіленді. Келісімшартқа сәйкес төлем жүргізілді. Жүргізушілердің өзімен сөйлесіп көріңіз, олар сізге қолында гиратасы немесе сэндвичі бар, ән салған жастарды қалай елордаға алып келгенін айтып береді.

– Әлеуметтік желіде концертті желеу етіп, наразылық ұйымдастыру көзделгені туралы ақпарат тарап жүр. Шын ба?

– Сөзсіз, бұл қып-қызыл өтірік. Осынау концертке кімнің саяси немесе негативті рең бергісі келетіні маған мүлде түсініксіз. «Болашақ сәулетшілері» жобасының басында өзім айтқандай, біз саясатқа араласқымыз келмейді, бизнес өкіліміз. Украина мен Ресей арасындағы оқиғаларғ байланысты пікір білдіре бастағаннан кейін біз Тиматидың өзін шақырмайық деп шештік.

– Ал Аслан Мусин екеуіңізді не байланыстырады?

– Оның Ақтөбе облысының әкімі болғанын білемін. Алайда онымен ешқашан тілдескен емеспін.

– Ендігі жоспарыңыз қандай? Бәрін осылай қалдырасыз ба, әлде істің мән-жайын анықтауға тырысасыз ба?

– Алдымен, не болғанын білу керек. Ауқымды түрде қарайтын болсақ, біздің жоба жайлы үкіметтің жауабын күтеміз. Біз президенттің атына петиция жинадық қой.

Ашығын айтқанда, жақын арада қызымның тұсаукесері болады. Сол тойды ұйымдастыруым керек. Бірақ бұл жолы автобуссыз немесе қонақсыз өткізетін шығармын.