×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Елімізде қазан айында ауа райы қандай болады

01.10.2021, 14:58
Елімізде қазан айында ауа райы қандай болады
фото: Ашық дереккөзден

Қазгидромет Қазақстан бойынша 2021 жылғы қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Қазан - күзден қыс мезгіліне көшу уақыты. Қазір ауа райы өзінің тосынсыйларына толы. Әсіресе, солтүстік аймақтарда - көптеген жыл бойы жинақталған мәліметтерге сәйкес, боран болуы, тіпті қар жамылғысының пайда болуы мүмкін. Бір айдағы орташа ауа температурасы елдің көп бөлігінде көпжылдық нормаға жуық болады деп күтіліп отыр. Яғни, Маңғыстау, Атырау, Қызылорда облыстарында, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Түркістан облысының батыс жартысында, Қарағанды облысының оңтүстік-батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде нормадан 1° жоғары болады.

Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормаға жуық болады деп болжанып отыр. Маңғыстау, Қызылорда облыстарында, Атырау, Ақтөбе, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Қостанай облысының оңтүстік жартысында, Қарағанды облысының батысы мен оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында нормадан аз жауын-шашын жауады.

Болжамға сәйкес, Ресейдің Еуропалық аумағы арқылы өтетін Скандинавия мен Баренц теңізі аудандарынан суық антициклон қазан айының басында республиканың батыс жартысында ауа райын қалыптастырады. Қазақстанның солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында жауын-шашын болады деп болжанып отыр (жаңбыр, қар, тұман және көктайғақ). Ал таулы аудандарда қатты жауын-шашын болуы мүмкін.

Айдың бірінші онкүндігінде солтүстік-батыс антициклонның батыс өңірлерге басып кіруі ауа температурасының түнде 1-3 градус аязға дейін, күндіз +10+15°С дейін төмендеуіне алып келеді. Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы түнде -5+5°С-тан -1-8°С-қа дейін, күндіз +3+10°С-тан 0+5°С-қа дейін төмендейді. Ал бірінші онкүндіктің екінші жартысынан бастап, республиканың басым бөлігінде 10-12 градусқа дейін күн жылынады.

Қазанның екінші және үшінші онкүндіктерінде кей күндері жылы болады. Республиканың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында +19+25°С дейін жылынады. Қазақстанның солтүстік жартысында ауа температурасының түнде -4-10°С дейін, күндіз -2+3°С дейін, оңтүстік жартысында – түнде -5+5°С дейін, күндіз +7+12°С дейін төмендеуі болжанады.