×
476.71
467.03
8.36
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.71
467.03
8.36

Болат Әбілов партия құрды

16.05.2022, 14:08
Фото: Ашық дереккөзден

Белгілі саясаткер, бизнесмен әрі меценат Болат Әбілов саяси мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Арнайы баспасөз концеренциясын ұйымдастырған ол “Біздің таңдау” атты партия құратынын мәлімдеді. Ол осылайша, елдегі саяси науқанға араласқалы отыр.

Болат Әбілов 1957 жылдың 15 қыркүйегінде Қарағанды қаласында кеншілер отбасында дүниеге келді. 1979 жылы Қарағанды политехникалық институтын тау-кен инженері мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары “Рахат" МП директорының орынбасары, "халықтың мәдениеті мен руханиятын қорғаудағы" республикалық ақша-заттық лотерея директоры (1990-1991) болған. "BUTYA" фирмасының бас директоры, "BUTYA" ЖАҚ президенті (1991-2000) қызметін атқарған.

Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Жармахан Тұяқбайды қолдау жөніндегі сайлау науқанының жетекшісі болған.