×
472.68
466.91
8.01
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
472.68
466.91
8.01

Ұлттық музей басшылығы 146 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді - Антикор

16.05.2022, 17:04
Фото: Ашық дереккөзден

Нұр-Cұлтан қаласы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» РМҚК лауазымды тұлғаларына қатысты «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу бойынша Мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында 146 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқыру белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Шарттың жалпы сомасы 1,2 млрд теңгені құрайды.

Тергеу сотының санкциясымен қазіргі уақытта тінту, сондай-ақ куәлардан жауап алу және басқа да тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Іс бойынша түпкілікті шешім қылмыстық іс жүргізу заңнамасының талаптарын орындау нәтижелері бойынша қабылданатын болады.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді”, – деп хабарлайды агенттіктен.

Айта кетсек, Ұлттық музейді 2019 жылдан бері Арыстанбек Мұхамедиұлы басқарады.