×
470.9
496.94
8.83
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
470.9
496.94
8.83

Маймылшешек 14 елге тарады

23.05.2022, 10:14
фото: ашық дереккөзден

Израиль мен Швейцарияда маймылшешек ауруын жұқтырудың алғашқы оқиғалары тіркелді. Бүгінде ауру 14 елде анықталып отыр, деп хабарлайды BBC. 

Екі елде де ауру жұқтырған алғашқы науқастар жақында ғана шетелден келген. Израильде инфекцияның бірнеше жағдайы зерделену үстінде. Маймылшешек ауруы Орталық және Батыс Африкада жиі кездеседі. Бұл аймақтан тыс жерде оның қоздырғышын көбінесе сол жерде болған адамдар мен жануарлар тасымалдайды.

АҚШ, Канада, Австралия және Еуропада маймылшешегінің жаңа жағдайлары зерттелуде. Осы аптада АҚШ, Канада, Испания, Португалия, Ұлыбритания, Франция, Италия, Швеция және Австралия билігі де өз аумағында аурудың өршуін растады.

Агенттік мәліметінше, әлемде инфекцияның 80-ге жуық жағдайы расталған. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының айтуынша, маймылшешегін жұқтырды деген күдікке ілінген 50 жағдай анықталған. Бірақ қай елде анықталғаны аталмай отыр. Ұйым ауру санының әлі де артатынын ескертті. Ғалымдар індеттің осынша қарқынды таралатынын күткен жоқ, десе де маймылшешек адамнан адамға оңай жұқпайды.

Ұлыбританиялық дәрігерлердің дерегінше, ауру әдетте жеңіл өтеді, адамдардың көбі бірнеше апта ішінде айығады.