×
467.99
488.82
7.7
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
467.99
488.82
7.7

Автобуста оқушы қызға тиіскен ер адамға қандай жаза берілгені белгілі болды

23.05.2022, 10:41
Фото: Instagram

Нұр-Сұлтанда автобуста 12 жастағы оқушы қызға тиіскен ер адам 10 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz  "Казахстанская правда" басылымына сілтеме жасап. 

21 мамырда 33 жастағы ер адамға қатысты сот отырысы өтті. Оған қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 434-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен ол 10 тәулікке қамауға алынды (бұл – ұсақ бұзақылық үшін ең көп мерзім).

19 мамырда болған оқиға жайлы әлеуметтік желіде жазба жариялаған қыздың анасы сынның астында қалған полицейлерді қорғамақ болды.

“Бұл полицияның кінәсі емес, мәселе олардың жұмыс істей алмайтынында немесе жұмыс істегісі келмейтіндігінде емес, бізде ондай норма жоқ. Самат Бексұлтановтың менің қызыма қатысты жасаған әрекетінің барлығы Қазақстан Республикасының заңнамасында кәмелетке толмаған баланы қорлау, тиісу, сол арқылы қоғамдық тәртіп пен жеке адамдардың тыныштығын бұзу деп көрсетіледі, бұл ұсақ бұзақылыққа жатады. Бұл тіпті қылмыстық құқық бұзушылық емес, ұсақ құқық бұзушылық", –  деп жазды Қарлығаш Оңғарова Instagram парақшасында.

"Қалайша? Ол балаға қатысты азғындық жасамақ болды, бірақ оған 10 күн ғана берді" деп пікір білдірді желі қолданушыларының бірі.

Қарлығаш Оңғарова полицейлердің барлық сайлау учаскелерінде моральдық қолдау көрсеткенін, қызына әрекеттерінің барлығы дұрыс болғанын айтқан. Осыған ұқсас жағдайларда қалай әрекет ету керектігін де айтып берген.