×
470.9
496.94
8.83
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
470.9
496.94
8.83

«Қазақтар слежкада жүр»: ІІМ ел азаматтарының төлқұжатына чип енгізілу себебін түсіндірді

23.05.2022, 13:13
фото: ашық дереккөзден

ҚР Ішкі істер министрлігі Instagram желіcінде тараған видеоға байланысты түсінік берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

Бейнежазбада төлқұжаттағы чиптің азаматтардың жүріс-тұрысын бақылауға арналғаны айтылады.

"Электрондық төлқұжат әлемнің көптеген елдерінде енгізілген. Қазақстанда төлқұжаттар мен микросхемасы бар жеке куәліктер 2009 жылдан бастап шығарылады. Ондағы чип азамат туралы жеке деректерді сақтауға арналған және жеке тұлғаны анықтауға мүмкіндік береді. Чипі бар төлқұжат Қазақстан азаматтарының электронды жүйелері арқылы шекара бекетінен өтуін және паспорт-визалық бақылауды жеңілдету үшін енгізілген", – деді ІІМ өкілдері.