Әлемдік тарихта алғаш рет босқындар саны 100 миллион адамға жетті. Бұл туралы БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының хабарламасында айтылған.
БҰҰ дерегінше, бұл құбылыстың басты себебі – Украинадағы және басқа елдердегі әскери қақтығыстар.
"Жүз миллион – қорқынышты көрсеткіш. Мұндай рекорд ешқашан болмауы тиіс еді", - деді БҰҰ Босқындар жөніндегі Жоғарғы комиссары Филиппо Гранди.
Комиссардың пікірінше, бұл жағдай "бейбіт тұрғындарды үйлерінен кетуге мәжбүр ететін негізгі себептерді – жойқын қақтығыстар мен қудалауларды тоқтату қажеттігін көрсететін дабыл".