×
467.99
488.82
7.7
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
467.99
488.82
7.7

Мұғалімдерге сыйлық алу үшін ақша жинауға тыйым салынды

23.05.2022, 18:16
фото: ашық дереккөзден

Елордадағы барлық мектепте соңғы қоңырау 25 мамырда дәстүрлі форматта салтанатты түрде өткізіледі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев онлайн брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

Басқарма басшысы соңғы қоңырау іс-шараларына мектептің педагогикалық ұжымы, түлектер мен олардың ата-аналары, педагогикалық еңбек ардагерлері, қамқоршылық кеңес мүшелері, патронаттық ұйымдар, мүдделі мемлекеттік органдар және басқалар қатыса алатынын атап өтті. 

Іс-шараларды өткізуге аниматорларды, мерекелік агенттіктерді, төлем жасау арқылы әртістерді, жеке студияларды тартуға тыйым салынады. Мерекелік үстелдерді ұйымдастыру, жалға берілетін автомобильдерді тарта отырып, қала бойынша көшпелі экскурсияларды өткізу, мектеп әкімшілігі мен педагогтерге сыйлықтарға ақшалай қаражат жинауға жол берілмейді, - деді Қасымхан Сенғазыев.