×
472.17
495.5
7.57
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
472.17
495.5
7.57

"102-ге хабарласыңдар!": Елордада тіркеуге тұра алмаған шетел азаматтары наразылық білдірді (ВИДЕО)

24.05.2022, 11:16
видеодан алынған кадр

Шетелдік азаматтарды тіркеуге қою процесінің қиындауы салдарынан елордадағы арнайы ХҚКО-да ұзын-сонар кезек пайда болды. Желіде жариялаған видеодан бұл жайт көшіп келушілерді ғана емес, мекеме қызметкерлерін де қажытқанын көруге болады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

Арнайы ХҚКО өкілдері электронды жүйе шетелдік азаматтарды тіркемеу себебін анықтай алмай дал. Көші-қон заңнамасына енгізілген кейбір түзетулерден кейін осындай қиындық туындаған. Шетелден келушілер, яғни мигранттардың тіркеуге тұру туралы өтініші қанағаттандырылып жатқан жоқ. Салдарынан кезек күтушілердің қарасы көбейіп, соңы наразылыққа ұласқан.  

Бұл мәселені қалай шешерін білмей дал болған ХҚКО қызметкерлері наразы топты Ішкі істер министрлігіне, полицейлердің көмегіне жүгінуге үндеуде. 

Желіде тараған видео астына сан алуан пікір жазылған. Бірі жүйе жұмысының шалалығын айыптаса, енді бірі шетелден келушілердің еліміздің заңына, тәртібіне бағынғысы келмейтінін сынға алған.

“Бәрін бірдей тіркей беру керек деп кім айтты? Дұрыс, тексеріс болуы керек” дейді желі қолданушыларының бірі.