×
470.9
496.94
8.83
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
470.9
496.94
8.83

Жұлмаланған ҚазҰУ жері: Бас прокурор заңбұзушылыққа кім жауап беретінін айтты

24.05.2022, 13:51
фото: ашық дереккөзден

Прокуратура органдары Алматы қалалық жер ресурстарын басқару департаментіне әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жер учаскесін қолданыстан шығаруға қатысты заңбұзушылығын жою туралы ұсыныс енгізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл жайында ҚР Бас прокуроры Берік Асыловтың Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған. 

«Бұдан бұрын хабарланғандай, 2012 жылғы 30 қаңтарда Алматы қаласы əкімдігінің қаулысымен ҚазҰУ-ға тұрақты жер пайдалану құқығымен ауданы 73,26 гектар учаске берілген. 2017 жылғы 2 қазанда қала əкімдігі осы учаскенің шекарасын түзету туралы қаулы қабылдап, оның ауданы 1,82 гектарға азайды (ҚазҰУ-да 71,44 гектар қалды). Учаскенің кішірейтілген бөлігі «Omirex» ЖШС – 0,74 гектар, коммуналдық қызметтердің («Алматы Су» МКК, «Алматы жылу желілері» ЖШС, «Қазпошта» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ) – 0,56 гектар жəне Ш.А. Мұстафаевтың – 0,52 гектар иелігіне өтті. Алайда Жер кодексінің 48 жəне 82-баптарын бұзып, Алматы қаласының əкімдігі «Omirex» ЖШС-ға жер учаскесін сауда-саттықсыз жəне оған ҚазҰУ-дың жер пайдалану құқығы тоқтатылғанға дейін берген. Сондықтан Алматы қаласының прокуратурасы 2022 жылғы 11 мамырда қалалық жер ресурстарын басқару департаментінің атына заңбұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізді», - деді Берік Асылов жауабында.

Сондай-ақ Берік Асылов «Прокуратура туралы» Заңның 6-бабы 6-тармағына сəйкес прокуратураның қадағалау кезінде өзге меморгандардың функцияларын алмастырмайтынын атап өткен.

«Өз кезегінде прокурор тексерісті уəкілетті мемлекеттік органға нақты субъектіге қатысты жəне мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірудің нақты фактілері бойынша тапсыруға құқылы. Осыған байланысты тексеріске бастамашылық ету туралы мəселе прокуратура органдарына оқу орындары тарапынан заңдылықты бұзудың нақты фактілері туралы мəліметтер келіп түскен кезде қаралады», - деді Бас прокурор.