×
460.95
487.18
8.66
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
460.95
487.18
8.66

Аймағамбетов дипломдық жұмыстарды әзірлейтін көлеңкелі нарықты қалай жоймақ

24.05.2022, 14:32
фото: ашық дереккөзден

Дипломдық жобаларға қойылатын талаптарға қатысты заңға өзгеріс енгізу мәселесі қаралуда. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

«Дипломдық жұмыстардың жыл сайын қайталанатыны ешкімге жасырын емес. Бізде дипломдық жұмыстар мен жобаларды әзірлейтін көлеңкелі нарық бар. Олардың бәрі бірдей. Аталған мәселені шешу және алдын алу мақсатында біз заңға өзгерістер енгізу бастамасын көтеріп отырмыз», - деді министр ведомствоның аппараттық жиналыста.

Білім және ғылым министрлігі заңға енетін өзгерістер тапсырыс бойынша диплом жазатындарға тұсау болады деген сенімде.